Аға тәлімгерлерге арналған семинар
![Аға тәлімгерлерге арналған семинар](/media/img/blogs/5fad21fcd9486.jpg)
2020 жылдың 12 қарашасында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлерге арналған «Қашықтықтан оқыту шеңберіндегі тәрбие жұмыстары» атты семинар болып өтті.
Семинарға «Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірпімдер ұйымы» РҚБ-ның Қарағанды қаласы бойынша үйлестірушісі Ақмамбет Ақбота Болатбекқызы және «Балалар мен жеткіншектер сарайы» КМҚК қосымша білім беру педагогы, балалар туристік-спорттық және әлеуметтік коммуникацияларды дамыту бөлімінің әдіскері Бакирова Наталья Камаловна; Бұқар жырау ауданының «Үштөбе ЖББОМ» КММ-нің аға тәлімгерлері Жанузакова Айзада Муратовна және Нұржанова Перизат қатысып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.