Размер шрифта:
«Күзгі мектеп» аясындағы олимпиадаға дайындық шебер-сыныптар.
12-11-2020 13:50
«Күзгі мектеп» аясындағы олимпиадаға дайындық шебер-сыныптар.

2020 жылдың 12 қарашасында «Күзгі мектеп» аясында «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістемесі» бойынша, өзара тәжірибе алмасу мақсатында Қарағанды облысының мұғалімдеріне арналған шебер-сыныптармен семинар-коучингтердің жұмысы аяқталды.

Бүгін «Дарын» ММИ, «Мұрагер» ММИ, «№1 «БІЛІМ- ИННОВАЦИЯ», «№2 «БІЛІМ- ИННОВАЦИЯ», «№3 «БІЛІМ- ИННОВАЦИЯ»  лицей-интернаттары КММ  Zoom платформаларында Online-режимінде 20 шеберлік-сыныптары өтті.

 Қарағанды қаласының «Дарын» ММИ-ның математика пәнінің мұғалімі Танин А.О және физика пәнінің мұғалімі Кудусов А.С, «№101 лицей» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Багжанова Б.Н, «№38 гимназия» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі Окунева О.А, «Мұрагер» ММИ-ның физика пәнінің мұғалімі Оңғаров Зейін, «Нурмаков атындағы» ММИ- ның информатика пәнінің мұғалімдері Ибраева Ж.Б мен Муслим Е.М.,  «№2 «БІЛІМ- ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ география пәнінің мұғалімі Азатқызы Қ., «№93 гимназия» КММ-ның  ағылшын  тілі пәнінің мұғалімі Шайхутдинов Р.Г., «№92 гимназия» КММ- ның  химия пәнінің мұғалімі Хасенова Г.М., Сатпаев қаласының С.Сейфуллин атындағы гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Байсалбаева К.Ж., Саран қаласының «№17 гимназияс» КММ- ның тарих пәнінің мұғалімі Максименко Н. В., «№57 С. Саттаров атындағы лицей» КММ- ның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Мусина А.Е., Балқаш қаласының «№15 гимназия» КММ- ның биология пәнінің мұғалімі Бақытқызы П., «№93 гимназия»  КММ- ның орыс тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Арынбекова Д.М және Журавлева Н.Г., «№38 гимназия» КММ- ның  география пәнінің мұғалімі Ганиева Л.М., «Жамбыл атындағы» ММИ- ның тарих пәнінің мұғалімі Табынбекова М.А., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Садвокасов Ш.А.,  «№93 гимназия» КММ- ның биология пәнінің мұғалімі Арконова С.Т. оқушыларды олимпиадаға дайындау туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Дәріс берген ұстаздар: олимпиадаға дайындау мүмкіндіктерін, оқушылардың білім мен біліктілік деңгейін, интеллектуалдық, логикалық тапсырмаларды орындау жолдарын, ағылшын тілінен өзіндік қабілетіне жол ашатын әр түрлі инновациялық технологияларды практикалық түрде қолдану жолдарымен таныстырды. Пән бойынша алған білімдерін тереңдетіп, одан әрі білімдерін жетілдіруде күрделі құрылымды олимпиадалық тапсырмаларды орындау жолдарын қарастыру және жүйелі түрде орындау тапсырмаларын ұсынса, оқушыларды олимпиадаға ынталандыру үшін, шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды қолданудағы, гугл формамен тест, анкета жасауды, олимпиадаға дайындау үшін түрлі сайттармен жұмыс жасау іс-тәжірибелерін ортаға салды.

Шебер- сыныптары жүргізген әр мұғалім,  қатысушылар тарапынан өте жоғары бағаға ие болды. Шебер сыныпқа қатысқан ұстаздар олимпиадаға дайындаудың түрлі әдістемелік тәсілдерін меңгере отырып, дайындау үрдісінің мәні және құрылымы жөнінде айқын түсінікке ие болды және келешекте де сол мұғалімдермен үнемі байланыста болатындықтарын жеткізді. Олимпиадаға оқушыларды дайындау мәселесі ауқымды түрде қарастырылды.