17 қыркүйекте Қарағанды облысының Білім басқармасы Британдық кеңеспен бірлесіп «Қазақстан колледждерінің оқу жүйесінде кәсіпкерлік қызметті дамыту: мүмкіншіліктері мен мәселелері» тақырыбында конференция өткізді.
Іс-шараға алпыстан аса колледж өкілдері (колледж директорлары және орынбасарлары) қатысып, білім беру жүйесінің әлемдік, озық технологияларымен танысты. Қатысушылардың сексенге жуық.
Кәсіпкерлікке арналған шараны Білім Басқармасының басшысы Аймағамбетов Асхат Қанатович ашып, Қарағанды облысының білім жүйесіне кәсіпкерлік бағытын енгізу мәселелелері жайында баяндады.
Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қатысушылар колледжде кәсіпкерлікті дамыту мазмұнындағы баяндамалар тыңдап, қажетті мәліметтер алды. Осы тұрғыдағы алғашқы баяндамалардың бірін Қарағанды облысы аймақтық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік серіктестігінің және адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Оспанова Қарлығаш Асановна жасады. Баяндама тақырыбы: «Техникалық және кәсіби білім беруде кәсіпкерлікті дамыту».
Ұлыбританияның Шеффилд колледжіндегі Кәсіпкерлікті дамыту орталығының басшысы Эндрю Сейл баяндаған «Жергілікті өзін-өзі басқару органының, білім беру жүйесінде кәсіпкерлікті дамытудағы орны» атты сұхбат түріндегі баяндамасы жаңа ақпараттармен, оқу жүйесінің өзге формасымен ерекшеленді.
Екінші кезеңде қатысушылар жоғарыдағы тақырыпқа байланысты күрделі деген мәселелерді талқылап, өз жобаларын қорғай білді. Олар топтық жұмыста: а) Жастардың кәсіпкерлік мәдениетін дамыту үшін не қажет деп санайсыз? ә) Аталған тәжірибені Қазақстанда қалай жүзеге асыруға болады?
- деген сұрақтарға жауап іздеді.
Жүргізілген жұмыстар қорытындыланғаннан кейін, қатысушылар халықаралық дәрежедегі сертификаттарға ие болды.