2020 жылдың 24 қарашасында Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының медиаторлары арасында «Үздік медиатор-2020» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: медиация институтын насихаттау және өзектендіру, білім беру саласында медиация институтын дамытуға жәрдемдесу, білім беру жүйесінде үздік жұмыс тәжірибесін тарату, медиаторлар арасында тәжірибе алмасу алаңын құру.
Байқаудың бірінші кезеңі 2020 жылғы 20 қазан мен 10 қараша аралығында қашықтан өткізілді. Қатысушылар педагог-медиатордың сауалнамасын, мектептің Медиация қызметінің 2019-2020 оқу жылындағы жұмысы бойынша талдамалық есебін ұсынды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз:
I орын - Магазова Айгул Гинаятовна, «№3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Жезқаған қаласы;
II орын - Исанкулова Гулбану Галымжановна, «№15 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Сәтбаев қаласы;
III орын – Ерубаева Риза Бериковна, «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия» КММ, Балқаш қаласы;
Алғыс хаттармен Изтилеуов Нурлан Сыбанбекович, «№10 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Жезқаған қаласы мен Джиянбаева Асима Орынбаева, «№2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Теміртау қаласы марапатталды.