Тірек мектептерінің (Ресурстық орталық) магниттік мектептермен атқарған жұмыстары бойынша есеп беру вебинары.
24-11-2020 09:09
Тірек мектептерінің (Ресурстық  орталық) магниттік мектептермен    атқарған жұмыстары бойынша есеп беру вебинары.

2020  жылдың  24  қараша  күні   Қарағанды  облысында  білім  беруді  дамытудың  оқу-әдістемелік  орталығында  Бұқар-Жырау    ауданының  Тірек  мектептерінің  магниттік  мектептермен  атқарған  жұмыстары  және  2020-2021  оқу  жылының  жоспары  туралы  есеп  беру вебинары  өтті.

Кестеге сәйкес ауданның  екі   Тірек  мектебінде (РО) және екі магниттік мектептерде атқарылған жұмыстары  тыңдалды.  Атап  айтқанда:

«Үштөбе» ЖОББ Тірек мектебі (РО);

«Байқадам» ЖОББ Магниттік мектебі;

«Ростовка» ЖОББ Тірек мектебі (РО); 

«Волховка» ЖОББ Магниттік мектебі.

Есеп беру вебинары барысында мектеп директорлары 2019-2020 оқу жылында  магниттік мектептермен өткізілген шараларға және әдістемелік жұмыстарға тоқталып, жаңа оқу жылының жоспарын ұсынды. Сонымен бірге облыстық «Ауыл-Қала» жобасы, «Назарбаев Зияткерлік Мектебінің» іс-тәжірибесін тарату бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды. Жұмыс барысындағы анықталған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар айтылды.