Размер шрифта:
Информация по проведению обучающих курсов для кадрового резерва директоров ТиПО.
23-11-2020 09:19
Информация по проведению обучающих курсов для кадрового резерва директоров ТиПО.

2020 жылдың 23 қарашасында ҚО ББД ОӘО КМҚК кадрлық резервті оқыту ұйымдастырылды. Оқудың бірінші күні college.sdot.kz платформасы арқылы қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері қарастырылды. Дәріскерлер "Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі" КММ директорының м.а. Цай Дмитрий Владимирович және "Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі" КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Свердлова Елена Александровна болды. Курстың бірінші күні 82 адамнан 76 адам қатысты (4 адам дәлелді себеппен қосыла алмады).

Сабақ барысы:

Оқыту теориялық және тәжірибелік түрде жүргізілді. Бірінші бөлімде дәріскерлер СДОТ туралы сауатты, егжей-тегжейлі және қызықты түрде түсіндірді:

 1. оқу жоспарларын, сабақ жоспарларын орналастыру;

 2. вебинарларды ұйымдастыру;

 3. іс-шаралар мен сабақты орнату параметрлерімен, іс-шараны редакциялаумен, тестті баптаумен жұмыс жасау және т. б.

Сонымен қатар СДОТ құрамында тағы не бар екенін көрсетті:

1. сабақтың мақсаты, міндеттері, жоспары, қосымша әдебиеттер, физ.минут, бейне сабақ және сабақ дәрісі;

 2. бағалау критерийлері;

 3. студенттердің оқу жетістіктерін бақылау;

 4. пайдаланушылардың белсенділігі;

 5. тестілеу;

 6. түзету жұмысының ведомостары;

 7. бағалау журналы;

 8. студент кабинеті.

       Оқытудың тәжірибелік бөлімінде тыңдаушылар әртүрлі сессия залдарында жұмыс істейтін топтарға бөлінді. Топтарда СДОТ-тың барлық артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланды, платформаны жақсарту бойынша ұсынымдар пысықталды.

       СДОТ-та неғұрлым тиімді жұмысты ұйымдастыру үшін дәріскерлер тыңдаушыларға мынадай ұсыныстар берді:

 1. СДОТ жұмысын реттейтін және бақылайтын қызметкерлердің функционалын дұрыс бөлу:

 1.1. Үлгерімді бақылау; 

1.2. Оқыту сапасын бақылау; 

1.3. Жоспарларды, оның ішкі толтырылуын бақылау;

1.4. Студенттердің сабаққа қатысуын бақылау.