Размер шрифта:
Тірек мектептерінің (Ресурстық орталық) магниттік мектептермен атқарған жұмыстары бойынша есеп беру вебинары.
25-11-2020 08:52
Тірек мектептерінің (Ресурстық  орталық) магниттік мектептермен    атқарған жұмыстары бойынша есеп беру вебинары.

Ресурстық орталықтардың магниттік мектептермен атқарған жұмыстары бойынша 2020  жылдың  25 қараша күні Қарағанды облысында білім беруді  дамытудың оқу-әдістемелік орталығында Ақтоғай ауданының Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша» кешені базасындағы ЖОББ Тірек  мектебінің  атқарған жұмыстары және 2020-2021  оқу жылының жоспары туралы есеп  беру вебинары өтті.

Есеп беру вебинары барысында мектеп директорының орынбасары

Б.К.Бегдербекова 2019-2020 оқу жылында «Тасарал» ЖББОМ,  «Тораңғылық» НОМ және «Ортадерсін» ЖББОМ магниттік мектептермен жүргізілген шараларға және әдістемелік жұмыстарға тоқталып, жаңа оқу жылының жоспарын  ұсынды.  Жұмыс барысындағы анықталған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар айтылды.