«Әл-Фараби және ғылыми жетістіктер дәуірі» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді
25-11-2020 09:54
«Әл-Фараби және ғылыми жетістіктер дәуірі» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді

2020 жылдың 25 қарашасында Қарағанды қаласы С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен және Қарағанды облыстық педагогтерінің «Өркен» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып онлайн-режимде Әл-Фарабидің 1150 жылдығана орай «Әл-Фараби және ғылыми жетістіктер дәуірі» тақырыбында облыстық ғылыми - практикалық конференция өткізді.

Конференцияға 300-ден артық жұмыстар келіп түсті. 

Конференцияның  негізгі бағыттары:

1) «Әл-Фараби еңбектеріндегі мемлекет басқару мәселесі және қазіргі қоғам» пікір алмасу ашық алаңы.

2) «Әл-Фарабидің өнегелі өмірі» - бейнероликтер байқауы.

3) «Ғылыми жетістіктер дәуірі » физика, химия, медицина, математика салалары бойынша – ғылыми жобалар қорғау.

4) «Әл-Фараби-әлем таныған философ» -буктрейлер.

5) «Əл-Фараби мұрасы — түркі халықтарын біріктіретін рухани бастау» зерттеу жұмыстары.

Конференцияға қатысушылар және қонақтар:

Абдикерова Бакиткуль Химальдиновна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының міндетін атқарушы.

Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.

Темирханова Ляззат Аскаровна, Қарағанды облысы  педагогтерінің  «Өркен»  қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.

Мухамбетжанов Салтанбек Талапеденович, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Халықаралық Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі.

Бейсенбекова Нурсахан Ахметовна, тарих ғылымдарының кандидаты, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Археология және этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті.

Капасова Айзада Зарлыковна, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты.