WorldSkills Karaganda–2020 құзыреттілік орталықтары өкілдерінің және бас сарапшыларының онлайн-кеңесі
23-11-2020 11:08
WorldSkills Karaganda–2020 құзыреттілік орталықтары өкілдерінің және бас сарапшыларының онлайн-кеңесі

2020 жылғы 23 қарашада сағат 11.00-де WorldSkills Karaganda - 2020 құзыреттілік орталықтары өкілдерінің және бас сарапшыларының онлайн-кеңесі өтті.

Кеңеске 19 қатысушы қатысты: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері және құзыреттілік орталықтарының өкілдері мен бас сарапшылары.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Толекова Меруерт Серикхановна құттықтау сөз сөйледі.

Одан әрі, кеңестің барлық қатысушылары 2020 жылғы 23 қараша-28 желтоқсан аралығында 11 құзыреттілік орталығы базасында өтетін Worldskills Karaganda - 2020 өңірлік чемпионатын өткізу бойынша бірқатар ұйымдастыру мәселелерін талқылады.