«Тірек мектептеріндегі (ресурстық орталық) оқу-тәрбие үрдісін басқарудың ерекшеліктері және проблемалары»
25-09-2015 03:55
«Тірек мектептеріндегі (ресурстық орталық) оқу-тәрбие  үрдісін басқарудың ерекшеліктері және проблемалары»

  «Тірек мектептеріндегі (ресурстық орталық) оқу-тәрбие  үрдісін басқарудың ерекшеліктері және проблемалары»тақырыбындағы семинар Қарағанды  облысы  білім беруді дамыту оқу-әдістемелік   орталығының  ұйымдастыруымен  қыркүйек  айының  21, 25 күндері  Ақтоғай, Шет аудандарының  тірек мектептер (ресурстық орталық)  базасында    «Тірек  мектептеріндегі  (ресурстық орталық) оқу-тәрбие  үрдісін басқарудың  ерекшеліктері  және  проблемалары» атты   семинар өтті. Семинарға облыстық   білім беруді дамыту оқу-әдістемелік   орталығының, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, тірек және магниттік мектептердің  директорлары, директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинардың  мақсаты ресурстық және  магниттік  мектептердегі  оқу-тәрбие жұмысының  ұйымдастырылуы  және басқару жұмысындағы ерекшелігіне сай туындаған мәселелерді шешуде әдістемелік  көмек беру.  

    Ауыл мектептеріндегі сессия кезіндегі және сессия аралық оқу үрдісін жүргізуде таңдау курсының бағдарламасын құрастырудың үлгі  нұсқаулығы ұсынылды.