Размер шрифта:
«Отбасы және мектеп: байланыс нүктелері» облыстық семинар
04-12-2020 07:26
«Отбасы және мектеп: байланыс нүктелері» облыстық семинар

2020 жылдың 04 желтоқсанында оқу-әдістемелік орталық және Балқаш қаласының білім бөлімімен бірлесіп Қарағанды облысы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілеріне арналған онлайн-семинар өткізді. 

Семинар барысында Балқаш қаласының білім беру ұйымдарының «Әкелер кеңесі» мен «Аналар кеңесі» жұмысы бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті: О.К. Садвокасова, «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ, бас маманы; Ү.С. Әбдіғаппар, «№9 ББОМ» КММ, тарих пәнінің мұғалімі; И.В.Бондарь, «№3 ЖББОМ» КММ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; Г.Қ. Шарбекова, «№7 мектеп-лицей» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; А.Т. Тоқейбекова,  «№8 ЖББОМ» КММ директоры; М.С.Үмбет, «№8 ЖББОМ» КММ, педагог-психологы; А.В. Беляева, «№1 ЖББОМ» КММ, педагог-психологы; Р.Б. Жанасылова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Г.Т. Сергибаева, сынып жетекшілерінің ӘБ жетекшісі «№4 ЖББОМ» КММ.