Размер шрифта:
«Рухани жаңғыру: ұлт келбеті - жас маман» тақырыбындағы Қарағанды облысының жас мамандарының II форумы аясында № 3,4 секциялар жұмысы өтті.
09-12-2020 17:54
«Рухани жаңғыру: ұлт келбеті - жас маман» тақырыбындағы  Қарағанды облысының жас мамандарының II форумы аясында  № 3,4 секциялар жұмысы өтті.

2020 жылдың 9 желтоқсанында ZOOM платформасында «Рухани жаңғыру: ұлт келбеті – жас маман» Қарағанды облысы жас мамандарының    II форумы аясында №3,4 секциялар жұмысы өтті. Оған Қарағанды облысының барлық білім беру ұйымдарынан 200-ден астам педагог қызметкерлер қатысты. Секциялар қазіргі таңда өте өзекті «Оқыту процесінде STЕM (IT) - технологияларды енгізу» тақырыбы бойынша өтті. Жас мамандардың қатысуымен оқыту процесінде STЕM (IT) – технологияларды енгізу мәселелері бойынша шеберлік-сыныптар өткізілді.

№3 секцияда шеберлік-сыныптарды «Бастауыш сыныпқа енгізудің қажеттіліктері мен мүмкіндіктері» тақырыбында Балқаш қаласының №8 ЖББОМ  Рахметолла Шолпан Ержанқызы және Нұра ауданының «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектебі» жас маманы  Бауыржан Қадырбек «STEM-білім беру жүйесін мектеп бағдарламасына кіріктірудің тиімділігі» тақырыбында өткізсе, №4 секцияда «Заманауи мектептегі STEM білімі» тақырыбында Қарағанды қаласының №73 ЖББОМ жас маманы Акижанов Ержан Нуржанович және «STEAM білімі дегеніміз не?» тақырыбында Сатпаев қаласының «№4 мектеп-лицейі» жас маманы Сулейменов Амирхан Қанатбекович өткізді. Секциялар жұмысы өткізілген шеберлік-сыныптар бойынша пікір алмасумен аяқталды.