«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбие жұмысы: «Мен - сынып жетекшімін»
09-12-2020 17:26
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбие жұмысы: «Мен - сынып жетекшімін»

2020 жылдың 9 желтоқсан күні Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру: Ұлт келбеті - жас маман»  жас мамандарының ІІ форум аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбие жұмысы: «Мен - сынып жетекшімін» тақырыбында  №5, №6 дискуссиялық аландары өтті.

Шеберлік-сынып өткізген жас мамандар: Бахиева Камила Махсудовна, «№2 ЖББОМ» КММ, Теміртау қаласы; Тлеуқұлова Әсем Ерланқызы, «Ж. Ақылбаев атындағы ЭМГ базасындағы тірек мектеп (РО)» КММ, Шет ауданы; Асан Балауса Айтжановна, «№1 ЖББОМ» КММ, Балқаш қаласы; Нигматулина Анна Жилкибаевна, Қарағанды облысының білім басқарамасының «Дарын» мамандандырылған мектеп интернаты.