Размер шрифта:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ұлттық мәдениеттердің облыстық студенттік фестивалі
11-12-2020 14:55
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ұлттық мәдениеттердің облыстық студенттік фестивалі

2020 жылдың 11 желтоқсанында тәрбие жұмысының облыстық кешенді жоспары аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған IX облыстық ұлттық мәдениеттердің студенттік фестивалі өтті. 

Облыс колледждерінің 100-ге жуық студенттері мен педагогтары қатысқан іс-шара Zoom платформасында өтті. 

Бір ай бойы жеке орындаушылардан да, шығармашылық ұжымдардан да бейнероликтер жиналды. Колледждердің 25 өтініміне ән және би нөмірлері кірді. 

Фестиваль онлайн-форматта А. Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті.