![Интерактивті сабақ «Есірткінің зияны және оларды қолданудың салдары»](/media/img/blogs/5fd360f480505.jpg)
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында оқу-әдістемелік орталық Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша «Есірткінің зияны және оларды қолданудың салдары туралы» интерактивті онлайн-сабақ өткізді.
Интерактивті онлайн-сабақты: полиция подполковнигі, аға жедел уәкіл Корниенко Кирилл Александрович, Қарағанды облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Баубеков Мади Абаевич; «№6 ЖББМ» КММ педагог-психологы Пауль Ольга Николаевна және Шахтинск қаласының Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің педагог-психологы Карабалина Алия Бекболатовна жүргізді.
Қашықтықтан өткізілген сабаққа жалпы білім беретін мектептердің 9-10 сынып оқушылары және Абай ауданының, Саран, Сәтбаев, Шахтинск, Жезқазған, Теміртау, Қаражал, Приозерск қалаларының сынып жетекшілері қатысты.
Жалпы 2000-нан астам адам қамтылды.