Размер шрифта:
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн семинар
14-12-2020 17:08
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн семинар

2020 жылдың 14 желтоқсанында ZOOM платформасында онлайн режимде Қарағанды облысының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған "Критериалды бағалау - оқушылардың тиімді білім алуының шарты" тақырыбында облыстық семинар (Жезқазған қаласы мұғалімдерінің қашықтықтан оқыту жағдайындағы жұмыс тәжірибесінен) өтті.

Семинарда Жезқазған қаласының білім бөлімінің әдіскері В.И.Лесова, №26 гимназияның орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Кушнир Л.Н., №4 ЖББОМ-нің орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Малахова О.А., №26 гимназияның орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Чиркина В.И., №13 ЖББОМ орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жакселекова А.Б. өз тәжірибелерімен бөлісті.