Размер шрифта:
«Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру»
15-12-2020 16:35
«Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру»

2020 жылдың 15 желтоқсанында  Қарағанды облысының   мектепке дейінгі ұйымдарында  инклюзивті білім беретін педагогтар мен  білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған   облыстық онлайн семинар өтті.

Семинарда  Абай ауданы   КММ «Бөбек» арнайы балабақшасы тифлопедагогы   Абылгазина Дана Амангельдиевна; Шахтинск қаласының КМҚК «Ботагоз» бөбек-жайы қазақ тілі мұғалімі  Касиева Кымбат Нурахметовна мен КМҚК «Салтанат» бөбекжайы  тәрбиешісі  Журавлева Ирина Викторовна  өз тәжірибелерімен бөлісті.