Размер шрифта:
Ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша кеңес
15-12-2020 16:50
Ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша кеңес

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың желтоқсан айының 15-і күні ZOOM платформасында қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлеріне, облыстық мектептердің директорлары мен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына кеңес өткізді.

Кеңес барысында келесі мәселелер қарастырылды:

- «Алматыкітап баспасы» баспасының электронды оқулықтарының opiq.kz web-платформасындағы жұмыс; 

- «Python тіліндегі Bigdata негіздері», «Python  бағдарламалау негіздері», «Computer Vision (Жасанды интеллект)» проблемалық оқыту курстары.

Кеңеске 150-ден астам адам қатысты. Кеңесте ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Е.Р.Аринов, ИОТ және ЭББ бөлімінің меңгерушісі А.Р. Серікбаева сөз сөйледі.