Размер шрифта:
«КӨШБАСШЫЛЫҚТА ҒЫ ТАЛАНТ МЕНЕДЖМЕНТ» КУРСЫ
21-12-2020 10:11
«КӨШБАСШЫЛЫҚТА ҒЫ ТАЛАНТ МЕНЕДЖМЕНТ» КУРСЫ

2020 жылдың  21 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  мектепке дейінгі ұйымдардың директорларына арналған "Талант менеджмент көшбасшылықта"  атты проблемалық курсты өткізуді бастады. Бағдарламаның басты мақсаты:  талант-менеджмент әдістерін оқыту-тәрбие процесі кезінде  барлық қатысушылардың  өзін-өзі табысты жүзеге асыру үшін қолдану. 

Басты спикер Нұр-Сұлтан қаласының  психологиялық ғылым докторы,  ЕАГИ профессоры А. Т. Изакова,  Талант-менеджмент бағдарламасының авторы.  Мәскеу қаласының. "Тиімді әлеуметтендіру технологиясы"  атты Педагогикалық қоғамның Ассоциация президенті, әлеуметтік психолог, Тиімді әлеуметтендіру технологиясының авторы Н. П. Гришаева, және  "Тиімді әлеуметтендіру технологиясының педагогикалық қоғам"  Ассоциация  құрылтайшысы,  психолог Л. М. Струкова. 

Қарағанды облысы балабақшаларынан 100 шақты директорлар қатысты.