Қарағанды облысында білім беру дідамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 21 желтоқсанында «Зерек» жобасын іске асыру аясында ZOOM платформасы арқылы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныптар өткізді.
Оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Г.Г. Мукашева бастауыш сынып жасындағы балалардың шығармашылық әлеуетін, логикалық, сыни ойлауын дамытуға және денсаулығын сақтауға ықпал ететін жобаны іске асырудың маңыздылығына тоқталып өтті.
Шеберлік сыныптар барысында Қарағанды қаласының №15 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімдері – И.Б.Сейфуллина жәнеС.К. Калиева, Көкпекті ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі – Р.С. Такуова, Бұқар Жырау ауданының Үштөбе ТМ (РО)бастауыш сынып мұғалімі – М.Н. Аханова бастауыш мектеп оқушыларының білім сапасын арттыруға және басқа да қызметтерге бағытталған «Зерек» жобасын білім беру үдерісіне енгізу бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.