Размер шрифта:
«Бастауыш білім беру: болашаққа көзқарас» бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық форумы
28-09-2015 03:53
«Бастауыш білім беру: болашаққа көзқарас» бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық форумы

«Бастауыш білім беру: болашаққа көзқарас»

бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық форумы

Мұғалімдер мерекесіне орай «Менің алғашқы ұстазым» Республикалық акциясы шеңберінде 2015 жылдың 28 қыркүйегінде Қарағанды облыстық білім басқармасы, Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының №92 гимназиясында «Бастауыш білім беру: болашаққа көзқарас» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық форумы өтті.

Форумға 100 – ден аса аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері, құрметті қонақ ретінде педагогикалық еңбек ардагерлері мен бастауыш сыныпта сабақ беретін жас мамандар шақырылды.

Форумның бірінші бөлімінде облысымыздың ұстаздары 4 пікірталас алаңдарында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастық мәселесі», «Заманауи мектепте бастауыш және орта буынның сабақтастық мәселесі» «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жандандыру, «Функционалдық сауаттылықты дамыту негізінде бастауыш мектепте оқытудың жаңашыл тәсілдері» тақырыптары бойынша өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Форумның екінші жартысын Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Аймағамбетов Асхат Қанатұлы өзінің алғы сөзімен бастап, облысымыздағы үздік бастауыш сынып мұғалімдерін білім басқармасының құрмет грамотасымен марапаттады.

Қарағанды облыстық педагог қызметкерлердің кәсіподақ комитетінің төрайымы Самойлюк Татьяна Филипповна өзінің құттықтау сөзінде педагогикалық еңбек ардагерлерінің бағаланбас еңбегін атап өтіп, облыстық педагог қызметкерлердің кәсіподақ комитетінің атынан бағалы сыйлықтар және 3 үздік мұғалімге сауықтыру жолдамалары табыс етілді.

Қоғамдық кеңестің төрайымы, білім беру жүйесінің Құрметті қызметкері Жошина Маулида Киргизбаевна жас мамандардың еңбек жолына сәт-сапар тіледі. Қарағанды облысы білім басқармасы, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің тарапынан сыйлықтар берілді.

Форумға қатысушыларды облысымыздағы білім беру ұйымдарының шығармашылық балалар топтары концерттік бағдарламаларымен құттықтады.