«Жобалық іс-әрекет ұйымдастыру барысында оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру»
23-12-2020 09:25
«Жобалық іс-әрекет ұйымдастыру  барысында  оқушылардың  негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру»

2020 жылдың 23 желтоқсанында  «Дарын» ММИ» КММ педагогтері облыстық инновациялық мектептерге арналған «Жобалық іс-әрекет ұйымдастыру  барысында  оқушылардың  негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында онлайн семинар өткізді. 

Мектеп директоры Темерханова Л. А. мектеп жұмысымен таныстырып, семинар бағдарламасына тоқталды. 

Директордың  орынбасарлары Еркен И. Е. мен Қыдырбайқызы Г. мектептегі жобалық әрекетті ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталды.

 География пәні мұғалімі Карибаева А. М. мен информатика пәні мұғалімі Құрманбек Ж. С. жоба жазу барысында ақпараттық құзыреттілікті  дамыту әдіс-тәсілдерімен таныстырып, белгілі бір технология негізінде электрондық ресурстар құрастырудың тиімді жолдарымен бөлісті. Жобалық әрекетті ұйымдастыру арқылы оқушының зерттеушілік құзыреттілігін дамыту бойынша жұмыс академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды унивеситетінің биология факультетінің зертханасында мектебіміздің  оқушылары: Першина Ксения мен Прус Миланың тәжірибесімен жалғасын тапты.  

Оқушыларға шетел тілін үйретудегі басты мақсат: олардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Осы құзыреттілікті дамытудың ең бір оңтайлы жолы-жоба қорғау. Ағылшын тілі мұғалімі Тоқтау М. Қ. осы тақырып аясында өз тәжірибесімен бөлісті.  

Семинар барысында бірнеше мәрте облыстық, республикалық, халықаралық сайыс жеңімпаздарының жетекшілері Жұманова Роза Ыбырайқызы мен Мекеева Арайлым Айыповна өздерінің көп жылғы тәжірибелерімен бөлісті. Халықаралық деңгейдегі сайыс жеңімпаздары мамандандық таңдаулары мен білімдерін шыңдауда мектеп кезінде жазған жобаларының қаншалықты пайдасы тигенін айтып кетті. 

Семинар соңында мектеп директоры Темерханова Л. А. жүргізілген жұмысты қорытындылап, кері байланыс орын алды.