2015 жылдың 25 қыркүйегінде Қарағанды технология және сервис колледжінде химия және биология пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырысқа 40-қа жуық оқытушылар қатысты.
Отырысты алғы сөзбен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.А. Еставлетова мен әдістемелік бірлестік төрайымы Н.Г. Стороженко ашты.
Отырыс барысында химия және биология пәндері оқытушыларының еңбек тәжірибесінен алынған баяндамалар тыңдалды:
· «Анатомия, биология пәндері бойынша тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды жүргізу
О. Н Лепехованың жұмыс тәжірибесінен, А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі.
• «Интерактивті оқу әдістерін химия сабағында қолдану, ой қызметін жандандыру» тақырыбындағы баяндама.
Н. С. Иванова және Р. Ж. Коянбаева – Қарағанды тау-кен-индустриялық колледжінің химия пәні оқытушылары.
• « Химия және биология пәндері бойынша, студенттер арасында өтетін ғылыми-эксперименттік облыстық конкурсты өткізу ережесі» Н. Г. Стороженко Н.Г. – облыстық әдістемелік жетекшісі.
Отырыс соңында қатысушылар қорытынды жасап, ұсыныстар енгізді.