Размер шрифта:
«Жастар салауатты өмір салты үшін» облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы
28-12-2020 16:15
«Жастар салауатты өмір салты үшін» облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2020 жылдың 28 желтоқсанында Қарағанды облысының тәрбие жұмысының кешенді жоспары аясында «Жастар салауатты өмір салты үшін» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы  өтті. Ұйымдастырушылар ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығы мен Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжі болды.

Іс-шараның мақсаты: студенттердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, оларды салауатты өмір салты бойынша ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, оны студент жастар арасында насихаттау және ынталандыру.

Конференция ZOOM платформасында мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 секцияға бөлініп өтті. Облыс колледждерінің 77 студенті мен оқытушылары қатысты.

Барлық студенттер сертификаттармен марапатталды.