2020 жылдың 5,6,8 қаңтары күндері Қысқы мектеп аясында облыстың білім беру ұйымдары басшылары резервтерінің жылдық курсының II модулі өткізілуде.
5 қаңтар күні сабақ үдерісінде тәрбие жұмысын ұйымдастыруды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, тәрбие беру бағытындағы қызметтік міндеттер, тәрбие жұмысы бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Аталған мәселелер бойынша Алишева Ш.А., Балқаш қаласының №17 мектеп-лицейінің директоры; Камзина А.А., Балқаш қаласының №15 мектеп-лицей директорының орынбасары; Калмагамбетова А.Х. және Казиева А.А., Қарағанды облысында ББД оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Оқыту курсына Қарағанды облысының 18 аймағынан директорлардың кадрлық резервіне алынған 176 педагог қатысты.