«Қашықтықтан BOOM» облыстық жобасы аясында «Adobe Photoshop» тақырыбында шеберлік-сынып
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың қаңтар айының 6-сы күні ҚО ББД ОӘО-ның youtube-арнасына таратумен ZOOM конференциясы арқылы «Adobe Photoshop» тақырыбында шеберлік-сынып өткізді.
Бұл шеберлік-сынып информатика мұғалімдері мен білім беру ұйымдарының IT-мамандарына Adobe Photoshop бағдарламасында жұмыс істеу негіздеріне арналған.
Барлығы 120-дан астам облыс мұғалімдері қатысты.