Размер шрифта:
«Ауыл-қала» жобасы аясында шеберлік сыныптар өткізілді.
18-01-2021 08:52
«Ауыл-қала» жобасы аясында шеберлік сыныптар өткізілді.

2021 жылдың 18 қаңтарында «Ауыл-қала» жобасы аясында «№1 «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ мұғалімдерімен ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде шеберлік сыныптар өткізілді. Сабақтар қашықтықтан оқыту жағдайында география, химия, информатика және ағылшын тілі сабақтарында тиімді әдістерді қолдану, ауыл мұғалімдерін білім бәсекелестігіне, тіл меңгеруге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шеберлік сыныптарға ауылдық мектептерден барлығы 54 педагог қатысты.