МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ АПТАЛЫҒЫ
18-01-2021 11:58
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ АПТАЛЫҒЫ

18 қаңтарда барлық мектепке дейінгі  ұйымдарда  сауаттылық қабілеттілігін арттыру аясында "Кітаппен дос болайық"   атты оқу сауаттылық апталығы басталды. Аптаның негізгі мақсаты:  балалардың кітапқа деген  танымдық қызығушылығын арттыру,  ұқыптылыққа тәрбиелеу,  кітап әлеміне баулу,  көзқарастарын кеңейту,  шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқу сауаттылық аясында челлендж,  квест ойыны,  дискуссия,  бейне репортаж,  Букроссинг,  мейірімділік акциясы,  оқу шығармалары бойынша театрлық кештер,  кітаптар фестивалі,  әдебиет кештері,  болашақтағы кітаптардың  3D аппликациясы,  сурет көрмелері сияқты жұмыс түрлері көрсетіледі.

Апталық аясында ұйымдастырылған іс-шаралар  коммуникативтік және бірлескен дағдылар  мәдениетін дамытуға бағытталған балалардың да,  ата-аналардың да оқу сауаттылығын арттыру арқылы баланың жадында өшпес із қалдырады,  кітаптарға деген сүйіспеншілік және Отан игілігі үшін ұлы істерді жасауға деген ұмтылыстарын тудырады.