Размер шрифта:
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ВЕБИНАРЫ
19-01-2021 18:11
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ВЕБИНАРЫ

2021 жылдың 19 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен инновациялық мектептер үшін ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде инновациялық жұмыстар бойынша вебинар өткізілді.

Вебинар бағдарламасында инновациялық жұмыстардың талдаулары тыңдалды:

1. Такишев Д.Ж., Темиртау қаласы «№1 гимназия» КММ «2019-2020 оқу жылына арналған инновациялық жұмыстарының талдауы»;

2. Кастаев Р.К., Қарағанды қаласы «Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицей» КММ «2019-2020 оқу жылына арналған инновациялық жұмыстарының талдауы»;

3. Оспанова К.Д., Қарағанды қаласы «№102 МГ» КММ «2019-2020 оқу жылына арналған инновациялық жұмыстарының талдауы».

Вебинарға Қарағанды облысының инновациялық мектептерінің 92 директорлары мен орынбасарлары қатысты.