Мамандандырылған мектеп-интернаттарының мұғалімдері өз идеяларымен бөлісті
19-01-2021 09:20
Мамандандырылған мектеп-интернаттарының мұғалімдері өз идеяларымен бөлісті

2021 жылдың 19 қаңтарында «Ауыл-қала» жобасы аясында «№2 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» педагогтерімен ZOOM платформасы арқылы идеялар жәрмеңкесі өткізілді.

Лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жолай Ұлдана «Қашықтықтан оқу жағдайында оқушылардың қабілеттерін ескеру жолдары (VARK моделі)» тақырыбында семинар өткізіп, VARK моделі туралы ақпаратпен бөлісті.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Пашанова Айжан «Powerful teaching tools» тақырыбында шеберлік сынып өткізіп, оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың білік-дағдыларын қалыптастыруда пайдаланылатын тиімді стратегиялар туралы айтып өтті. 

«Жоба негізінде білім алу» бағыты бойынша жұмыстарға басшылық жасап жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Арай Владимировна аталмыш тақырыпта коучинг өткізді.

География пәнінің мұғалімі Азатқызы Қымбат «Сабақ процесінде IT технологияларды қолдану» тақырыбында коучинг өткізіп, сандық сауаттылықтың маңызын тағы да атап көрсетті. 

Идеялар жәрмеңкесіне облысымыздан ауылдық мектептерден барлығы 100 педагог қатысты.