Размер шрифта:
«Ауыл-қала» жобасы аясында идеялар жәрмеңкесі өз жалғасын табуда
20-01-2021 07:47
«Ауыл-қала» жобасы аясында идеялар жәрмеңкесі өз жалғасын табуда

2021 жылдың 20 қаңтарында «Ауыл- қала» жобасы аясында Zoom платформасы арқылы оnline режимде өткізіліп жатқан идеялар жәрмеңкесіне «№3 «БІЛІМ- ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының педагогтері өз идеяларын ұсынды.

Идеялар жәрмеңкесі шеңберінде математика пәнінің мұғалімі Ш.Б. Сүлейменов «Математиканы оқытуда АКТ - ны қолданудың тиімді әдістері»  тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Сабақ үрдісінде сандық технологиялармен жұмыс жүргізу (nearpod), қашықтықтан оқытуда қандай интернет ресурстарының тиімді екенін көрсете білді. Информатика пәнінен А. Серік «Робототехника» курсында VEX платформасы арқылы робот құрастыру, оның мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бойынша өз ойымен бөлісті. Физикадан Д.Қ. Мухибаев «Физика пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді әдістері» тақырыбында сөз қозғады. Химия пәнінің мұғалімі О.А. Юсупов «Химия пәнінен олимпиадалық есептер шығару» тақырыбында алған білімдерін тереңдетіп, одан әрі білімдерін жетілдіруде күрделі құрылымды олимпиадалық тапсырмаларды орындау жолын қарастыру және жүйелі түрде орындау тапсырмаларын ұсынып, есеп шығару жолдарын көрсетті. 

Бұл жәрмеңке аясында мектеп мұғалімдері кері байланыс жасап, пікірлерімен бөлісті. Идеялар жәрмеңкесіне ауылдық мектептерден барлығы 100 педагог қатысты.