Размер шрифта:
Шетел тілі оқытушыларына арналған семинар-практикум
21-01-2021 17:05
Шетел тілі оқытушыларына арналған семинар-практикум

2021 жылдың 21 қаңтарында Zoom платформасында шетел тілі оқытушыларына арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында АКТ  (Kahoot, Learningapps платформаларында) пайдалану»  тақырыбындағы семинар-практикум өтті. Семинарға облыс колледждерінен  65  оқытушы қатысты. 

Семинар-практикумда Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжінен шетел тілі оқытушысы Сатиева Г.К. және арнайы пәндер оқытушысы  Киселёва С.Б. өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында ОӘБ төрайымы Карташова Г.А. рефлексия өткізіп, қорытынды жасады.