Шетел тілі оқытушыларына арналған семинар-практикум
![Шетел тілі оқытушыларына арналған семинар-практикум](/media/img/blogs/60096e1cc6137.jpg)
2021 жылдың 21 қаңтарында Zoom платформасында шетел тілі оқытушыларына арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында АКТ (Kahoot, Learningapps платформаларында) пайдалану» тақырыбындағы семинар-практикум өтті. Семинарға облыс колледждерінен 65 оқытушы қатысты.
Семинар-практикумда Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжінен шетел тілі оқытушысы Сатиева Г.К. және арнайы пәндер оқытушысы Киселёва С.Б. өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында ОӘБ төрайымы Карташова Г.А. рефлексия өткізіп, қорытынды жасады.