Размер шрифта:
«Ауыл-қала» жобасы аясында идеялар жәрмеңкесі өткізілді
21-01-2021 09:14
«Ауыл-қала» жобасы аясында идеялар жәрмеңкесі өткізілді

2021 жылдың 21 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ауыл - қала» жобасы аясында Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп – интернатының педагогтері ZOOM платформасы арқылы өздерінің іс – тәжірибелерімен бөлісті. 

Мектебіміздің ұстаздары Ибраева Жұлдыз Багенқызы «3Д – модельдеу» бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары, Мнуар Ернат Рамазанұлы «Жоба негізінде оқыту» (PBL) оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жолдары, Қауланов Мағжан Айтбайұлы «Оқушыларды информатика пәні бойынша олимпиадаға дайындау» әдістері және Жалмагамбетова Лаура Муханбеталиқызы «Қашықтықтан оқытудың тиімді әдіс – тәсілдері» атты шеберлік сыныптар, тренингтер өткізді. Идеялар жәрмеңкесі барысында ауыл мектептеріне оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және  қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау көрсетуге үлкен басымдық берілді. 

Бұл жәрмеңке аясында мектеп мұғалімдері кері байланыс жасап, пікірлерімен бөлісті. Идеялар жәрмеңкесіне ауылдық мектептерден барлығы 247 педагог қатысты.