Кітапханашылар облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы
22-01-2021 12:35
Кітапханашылар облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы

2021 жылдың 22 қаңтарында ZOOM платформасында кітапханашылар облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы өтті.

Отырысқа  облыс колледждерінің 29 кітапханашылары қатысты.

Іс-шара барысында колледждердің келесі кітапхана меңгерушілері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Калашникова И.А., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ, «Инклюзивті білім беру жүйесіндегі колледж кітапханасы жұмысының ерекшелігі» тақырыбында;

2. Сошникова М.А., «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ, «Қашықтықтан оқытудағы колледж кітапханасы: оқырмандармен өзара әрекеттесудің жаңа форматтары» тақырыбында.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ төрайымы Сулейменова А.Ж. отырыстың қорытындысын шығарды.