Мектепке дейінгі білім берудегі МОНИТОРИНГ
![Мектепке дейінгі білім берудегі МОНИТОРИНГ](/media/img/blogs/600ab4012982b.jpg)
2021 жылғы 21 қаңтарда Қарағанды облысы білім беруді дамыту орталығы білім бөлімі және мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне арналған балалардың жеке және жас ерекшеліктерінің даму деңгейін бақылау бойынша семинар-отырыс өткізді. Отырыс барысында мониторингтің салыстырмалы кестесін толтыру кезіндегі негізгі қателіктер қарастырылды. Екінші сұрақ мәселесінде мониторинг бойынша әдістемелік нұсқаулықтар презентациясы ұсынылды. Келесі сұрақта Excel түрінде кестені толтыру тәжірбиелік жұмыс жүргізілді.
Білім бөлімі мен мектепке дейінгі ұйымдардан 54 әдіскер қатысты.