![Мамандандырылған мектеп-интернаттарының мұғалімдері өз идеяларымен бөлісті](/media/img/blogs/600b950de9977.jpg)
2021 жылдың 22 қаңтарында «Ауыл-қала» жобасы аясында «Мұрагер» ММИ педагогтерімен ZOOM платформасы арқылы идеялар жәрмеңкесі өткізілді.
«Идеялар жәрмеңкесі» аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
Жакупбекова Дана Жайыковна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарындағы PBL әдістері» тақырыбында шеберлік сыныбы;
Щербакова Ксения Вячеславовна, биология пәнінің мұғалімі, «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында семинар;
Абрашкина Мария Игорьевна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, «Қашықтықтан оқыту кезінде ағылшын тілі сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану» тренингі;
Қиябай Мейрам Қажыбайұлы, география пәнінің мұғалімі, «Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру» бойынша шеберлік сыныбы.
Идеялар жәрмеңкесіне облысымыздағы ауылдық мектептерден барлығы 100 педагог қатысты.