«МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығы басталды
25-01-2021 09:12
«МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА»  математикалық сауаттылық апталығы басталды

Қарағанды облысының білім басқармасы және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 25 қаңтары күні «Зейін» жобасы аясында «МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығы өз жұмысын бастады.

Математикалық сауаттылық апталығының мақсаты:

Математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Апталық барысында: саптық жиын, сынып сағаттары,  байқаулар, олимпиадалар, кездесулер, Жоғарғы оқу орындарына саяхаттар, кездеулер мен әңгімелесулер, математика ғылымының ашылу тарихы туралы фильмдер көру, танымдық, іскерлік және квест ойындары, суреттер көрмесі,  конференция өткізілетін болады.

Барлық педагогтер мен оқушыларды, ата-аналарды апталықтың өткізілуіне белсене араласуға шақырамыз.