Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы семинар
26-01-2021 09:13
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы семинар

2021 жылдың 25 қаңтарында білім беру ұйымдарындағы директордың тәрбие орынбасарларына, әлеуметтік педагогтерге, сынып жетекшілерге арналған салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында семинар болып өтті.

Семинарға Қарағанды облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Бузук Александр Владимирович; Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын- алу және күресі жөніндегі орталығы» бөлім меңгерушісі Тулекбаева Нагима Таштайқызы; Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» әлеуметтік қызметкері Кожахметова Баян Амангельдиевна және психолог маманы Коровкина Наталья Николаевна қатысты.

Қарағанды облысының 18 аймағынан директордың тәрбие орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілер қатысты.