Размер шрифта:
Ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша кеңес
25-01-2021 13:27
Ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша кеңес

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың қаңтар айының 25-і күні ZOOM платформасында қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен облыстық мектептердің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына кеңес өткізді.

Кеңес барысында келесі мәселелер қарастырылды:

- Электронды журналды жүргізу бойынша;

- «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы туралы;

- Балаларға арналған білім беру хакатонын өткізу туралы;

- Білім беру ұйымдарында «Web-мастер», «IT-сарапшы», «Қашықтықтан BOOM», «Цифрлы әлемге қадамдар» облыстық жобаларын енгізу бойынша жоспарды тапсыру туралы.

Кеңеске 30-дан астам маман қатысты. Кеңесте ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Е.Р.Аринов, ИОТ және ЭББ бөлім меңгерушісі А.Р. Серікбаева, ИОТ және ЭББ бөлім әдіскері Сартаева Ж.А. сөз сөйледі.