Размер шрифта:
«Колледж – сыбайлас жемқорлықтан таза аумақ» құқықтық тақырыбы бойынша облыстық студенттік онлайн - жарнамалық - имидждік роликтер байқауының нәтижелері
26-01-2021 17:08
«Колледж – сыбайлас жемқорлықтан таза аумақ» құқықтық тақырыбы бойынша облыстық студенттік онлайн - жарнамалық - имидждік роликтер байқауының нәтижелері

2021 жылдың 26 қаңтарында онлайн-режимде "Колледж – сыбайлас жемқорлықтан таза аумақ" құқықтық тақырыбы бойынша облыстық студенттік жарнамалық-имидждік роликтер онлайн – байқауының нәтижелері шығарылды. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді.

Байқаудың мақсаты тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық қағидаттарын жаңғырту туралы «Рухани жаңғыру» құндылық негіздерін терең түсінуді қалыптастыру болды.

Байқаудың ұйымдастырушылары - Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі.

Байқауға облысымыздың 30 колледжі қатысты. Қазылар алқасының құрамына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанындағы сыртқы талдау және бағалау арнайы мониторингтік тобының өкілдері кірді.

Байқау жеңімпаздары:

1 орын - Олжабекұлы Бекжан, Инновациялық технологиялар колледжінің студенті; Аристархова Нина, Ниязова Айгерим, Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері;

2 орын – Тлеубердин Аскар, Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің студенті; Гольштейн Кирилл, Жұмағалиев Жәнібек, Нұра көпсалалы колледжінің студенттері;

3 орын – Виноградова Анастасия, Шахтинск технологиялық колледжінің студенті.