Размер шрифта:
«Тігін ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігі онлайн-отырысы
28-01-2021 16:44
«Тігін ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігі онлайн-отырысы

2021 жылдың 28 қаңтарында ZOOM платформасында «Тігін ісі» бағыты бойынша

облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысы өтті.

Отырысқа  облыс колледждерінің 10 өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында колледждердің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Тусупбаева А.Р., «Қарағанды  технология және сервис колледжі» КММ, «Онлайн  видео-сабақтар» тақырыбында;

2. Райханова Б.К., «Саран техникалық колледжі» КММ, «Бәсекеге қабілетті жұмысшы даярлаудағы өндірістік оқыту шеберінің рөлі» тақырыбында.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ төрайымы Жумина Г.К. отырыстың қорытындысын шығарды.