Размер шрифта:
Директорлардың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысы
28-01-2021 16:48
Директорлардың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысы

2021 жылдың 28 қаңтарында Zoom платформасында директорлардың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысы өтті.

Отырысқа облыс колледждерінен  62  оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлар қатысты. 

Отырыста келесі орынбасарлар «Жас маман» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті:

- Асанов Берген Мажитович, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ директорының орынбасары, «Жас маман» жобасының аясында жабдықталған және жаңартылған «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММқұзырет Орталығы мен щеберханаларының жұмысымен бөлісу» тақырыбында;

- Ковалев Александр Александрович, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының орынбасары,  «Жас маман» жобасы бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы» тақырыбында ;

- Расул Берикбол Расулович, «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ директорының орынбасары, «Жас маман» жобасын жүзеге асыру туралы ақпарат» тақырыбында.

Отырыс соңында ОӘБ төрайымы Нурсалиева Жанат Ахмедяновна ой бөлісу өткізіп, қорытынды жасады.