«Жыр жалын» поэзия әлемі жобасы аясында білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлеріне арналған семинар
28-01-2021 17:25
«Жыр жалын» поэзия әлемі жобасы аясында білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлеріне арналған семинар

2021 жылдың 28 қаңтарында қашықтықтан «Жыр Жалын» поэзия әлемі жобасы аясында Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына орай «Руханият бағыты: «Қасым әлемі: поэзия, тарих, тұлға» атты аға тәлімгерлерге арналған семинар өтті.

Семинарда «Қасым» әдеби-қоғамдық журналының редакторы, ақын, Қазақстан жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының басшысы Серік Сағынтай сөз алып, ақын жайлы келелі ойларымен бөлісті; сонымен қатар Қарағанды қаласы «№36 ЖББОМ» КММ аға тәлімгері, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері және «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары Қасым  Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлеріне «Жыр жаздым жүрегімнен...» деп насихаттады.