Қарағанды облысы білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылы ақпан айының 1 мен 6 аралығында облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығын өткізеді. Іс-шараның мақсаты оқушылардың информатикаға, ақпараттық мәдениетке танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, информатика пәні бойынша білімді жалпылау және жүйелеу, оқушылардың бейресми қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Ақпараттық сауаттылық апталығының негізгі міндеттері:
- Күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын дамыту;
- Информатикаға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қызығушылықты қалыптастыру және нығайту;
- Ақпараттық технологиялар саласында оқушылардың дайындық деңгейін арттыру;
Апталық аясында өткізілітен іс-шаралар:
- «Цифрлық әлемге қадамдар» тақырыбы бойынша жиын;
- «Менің цифрлық әлемім», «It әлемі», «Менің Қазақстаным» атты презентациялар мен суреттер байқауы;
- «Болашақ мектебі», «Менің әлемім» тақырыбындағы фото коллаждар мен бейне байқаулар;
- «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстар байқауы;
- «Web-тәрбие ережелері», «Менің қауіпсіз желім»;
- Phytnon тілінде бағдарламалау бойынша Олимпиада;
- «Роботтар жарысы», «Желі бойынша қозғалыс» аты Робототехника сайыстары;
- Инновациялық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының өкілдерімен, атақты блогерлермен кездесу;
Сонымен қатар мұғалімдер оқытудың белсенді әдістері бойынша шеберлік- сыныптары мен семинарлар өткізеді.
Барлық педагогтер мен оқушылар және ата-аналарды «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығына белсенді қатысуға шақырамыз!