Размер шрифта:
«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы
07-02-2021 09:30

Қарағанды облысы білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылы ақпан айының 1 мен 6 аралығында облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығын өткізеді. Іс-шараның мақсаты оқушылардың информатикаға, ақпараттық мәдениетке танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, информатика пәні бойынша білімді жалпылау және жүйелеу, оқушылардың бейресми қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Ақпараттық сауаттылық апталығының негізгі міндеттері:

- Күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын дамыту;

- Информатикаға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қызығушылықты қалыптастыру және нығайту;

- Ақпараттық технологиялар саласында оқушылардың дайындық деңгейін арттыру;

Апталық аясында өткізілітен іс-шаралар:

- «Цифрлық әлемге қадамдар» тақырыбы бойынша жиын;

- «Менің цифрлық әлемім», «It әлемі», «Менің Қазақстаным» атты презентациялар мен суреттер байқауы;

- «Болашақ мектебі», «Менің әлемім» тақырыбындағы фото коллаждар мен бейне байқаулар; 

- «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбындағы  шығармашылық жұмыстар байқауы;

- «Web-тәрбие ережелері», «Менің қауіпсіз желім»;

- Phytnon тілінде бағдарламалау бойынша Олимпиада;

- «Роботтар жарысы», «Желі бойынша қозғалыс» аты Робототехника сайыстары;

- Инновациялық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының өкілдерімен, атақты  блогерлермен кездесу;

Сонымен қатар мұғалімдер оқытудың белсенді әдістері бойынша шеберлік- сыныптары мен семинарлар өткізеді.

Барлық педагогтер мен оқушылар және ата-аналарды «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығына   белсенді қатысуға шақырамыз!