2015 жылдың 8 қазанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, техникалық және кәсіби білім саласының ресурстық орталық қызметін ұйымдастыру бойынша семинарлар кезеңі басталды.
ТжКБ директорлары мен директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларына арналған алғашқы семинар Шахтинск технологиялық колледжінде «Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелерді модернизациялау: ресурстық оқу орталықтарын құру тәжірибелері» тақырыбында өтті.
Семинар барысында облыс колледждері базасында ресурстық орталықтар жұмысын ұйымдастыру және құру төңірегіндегі сұрақтар қарастырылды.
Семинар жұмысына облыстың 15 колледжінен 35 өкіл қатысты.
Шахтинск технологиялық колледжінің директоры Ж.С. Мамерханова әріптестерін модернизация жағдайындағы оқу орынының жүйелі жұмысымен таныстырды.
Шахтинск технологиялық колледжінің оқу-өндірістік жұмысының орынбасары В.С. Тарасова тікелей эфирде видео- байланыс арқылы Россия, Европа, Белоруссия елдерінің ресурстық орталық тәжірибелерін көрсетті және өзінің қазақстандық әріптестерінің сұрақтарына жауап берді.
Семинар соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.