2021 жылдың 25, 26 қаңтары мен 03 ақпаны күндері Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы буллингтің алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдармен ақпараттық-түсіндіру семинарларын өткізді.
Семинарларға мамандандырылған мектеп-интернаттарының, арнайы түзету мектеп-интернаттарының, балалар үйлерінің педагог-психологтары, сондай-ақ қалалық және аудандық білім бөлімдерінің мамандары және педагог-психологтардың әдістемелік бірлестіктерінің басшылары қатысты.
Семинарлар барысында мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларына ерекше назар аударылды, білім беру ұйымының барлық мамандарының зорлық-зомбылық фактілеріне ден қою және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша алгоритмдері ұсынылды.