«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
09-02-2021 10:12
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

2021 жылдың 09 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы мамандандырылған мектеп-интернаттарының «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді. Отырысқа облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 11 мұғалім қатысты. 

Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:

- Қашықтықтан оқыту жағдайында кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнін оқытудың мәселелері мен ерекшеліктері.

- «Қаржы әлемі» облыстық қаржылық сауаттылық апталығын өткізу және ұйымдастыру шаралары.