Биология және химия пәндері мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
2021 жылдың 10 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы мамандандырылған мектеп-интернаттарының биология, химия пәндері мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді. Отырысқа облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 20 мұғалім қатысты.
Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:
- Қашықтықтан оқыту жағдайында биология, химия пәндерін оқытудың мәселелері мен ерекшеліктері.
- «Педагогикалық идея» облыстық байқауын өткізу және ұйымдастыру шаралары.